
«Құрылыс» кафедрасының пайда болу тарихы және дамуы 1964 жылы салынған Целиноград инженерлік – құрылыс институтының тарихымен тікелей байланысты. 1994 жылы институт Ақмола облысындағы С.Сейфуллин атындағы университет құрамына кірді, ал 1996 жылғы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың үкімімен Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті құрылды.
1964 жылы «Өндірістік және азаматтық құрылыс» (ӨАҚ) мамандығы бойынша ең алғаш студенттер қабылданды, осы жылы алғашқы бес кафедраның құрамында болған «Құрылыс өндірісінің технологиясы» кафедрасы құрылып, 2004 жылы «Құрылыс» кафедрасы болып өзгертілді, ал 2012 жылы «Ғимараттар мен имараттарды жобалау» кафедрасы болып бөлініп шықты.
«Өндірістік және азаматтық құрылыс» (ӨАҚ) кафедрасының алғашқы меңгерушісі Искаков Михаил Изотьевич болды.
Оқу процесінің қажеттілігі, студент контитгентінің өсуі, ғылыми ізденіс жұмыстарының дамуы (ӨАҚ) кафедрада профильді және ғылыми бағыттағы пәндерге негізделген бірнеше кафедраның ашылуына септігін тигізді.
«Өндірістік және азаматтық құрылыс» (ӨАҚ) кафедрасын әр жылдары басқарған меңгерушілер: Хамзин С.К., ЦИСИ проректоры, т.ғ.к., профессор, ҚР жоғарғы мектебінің беделді қызметкері (1970-1987), т.ғ.к., доцент Байканов Ж.П. (1987-1989), Фендт Б.Е. (1989-1996), Аканов Е.Б. (1996-2001), т.ғ.к., профессор Бакенов Б.Б. (2001-2008), т.ғ.к., доцент Абдушкуров Ф.Б (2008), профессор Толкынбаев Т.А. (2008-2009), профессор, т.ғ.д. Жусупбеков А.Ж., PhD, доцент Шахмов Ж.А.(2019-2022), доцент, т.ғ.к. Елеусинова А.Е.(2022 ж. бастап)
2012жылдың қыркүйек айында өткен конкурс бойынша кафедра меңгерушісі болып т.ғ.д., профессор Жусупбеков А.Ж. тағайындалды (2009жылдың наурыз айынан бері «Құрылыс »кафедрасының меңгерушісі болған )
«Құрылыс» кафедрасы 5В050729 «Құрылыс» мамандығы бойынша бакалавр (4 жыл) 3 мамандықты: «Ғимараттар мен имараттарды жобалау және есептеу», «Жылу газбен жабдықтау және желдету», «Сумен қамтамасыз ету және канализация», 5В075200 «Инженерлік жүйелер және желілер» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды. Мамандарды дайындау оқытудың күндізгі бөлімі бойынша мемлекеттік стандартқа сай оқытылады. Оқыту мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі.
Кафедрада 6М072900 «Құрылыс» мамандығы бойынша магистранттарды профильдік (1 жыл) және ғылыми – педагогикалық (2 жыл) бағытта дайындауды белсенді түрде жүргізеді.
2007 жылдан бастап «Құрылыс »мамандығы бойынша кафедрада Ph.D докторантурасы ашылды.
2010 жылғы ұлттық рейтингте ҚР-ғы жоғарғы оқу орындарының арасында Еуразия Ұлттық Университеті «Құрылыс »мамандығы бойынша 1 орынды иеленді.
Профессор Жусупбеков А.Ж. - Еуразия Ұлттық Университетіндегі Геотехникалық институттың директоры болып табылады.
Профессор Бакенов Б.Б. – құрылыс және тұрғын – коммуналдық шаруашылық жұмыстары бойынша ҚР Агенттігі эксперттік комиссиясының мүшесі.
Профессор Турашев А.С., Сонин А.М., Чекаев М.Г., Цыгулев Д.В. доценттері Астана қаласы мен облыстың ерекше нысандарының танымал эксперттері мен консультанттары болып табылады.
«Ғимараттар мен имараттарды жобалау» кафедрасы жаңа заманғы ғылыми лабораториялар базасымен және компьютерлік сыныптармен жабдықталған.
Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары: күрделі топырақ жағдайындағы іргетас құрылысы; Ғимараттар мен имараттарды салудағы жаңа технологияларды енгізу және дамыту; Ғимараттар мен имараттарды тексеру олардың болашақтағы пайдалануы бойынша жүзеге асыру.
Кафедрада ҒЗЖ және СҒЗЖ бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіледі. Студенттер ғалымдардың, тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми жұмыстармен айналысады және де студенттік ғылыми конференцияларға қатысады, өздерінің ғылыми материалдарын дипломдық жұмыста қолданылады. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары университеттің ғылыми жұмыстар жинағының басылымында шығады.
