
Сәулет және құрылыс факультетінің деканы
Сабитов Ерлан Енжилович
т. ғ. к., доцент

СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ САБИТОВ ЕРЛАН ЕНЖІЛҰЛЫНЫҢ ҚОШ КЕЛДІҢІЗ ДЕГЕН СӨЗІ:
Құрметті достар! Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультетіне – елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының біріне қош келдіңіздер! Еуразия ұлттық университетінде білім алу – сіздер үшін де, біз үшін де үлкен мәртебе. Сіздердің жарқын болашақтарыңыз өз қолдарыңызда. Біз сіздерге сапалы білім беру үшін бар күшімізді саламыз. Біздің факультет құрылыс, геодезия, картография, сәулет және дизайн салалары бойынша үздіксіз кәсіби даярлықты жүзеге асырады. Білім беру, ғылыми және тәжірибелік қызметті біріктіре отырып, қазіргі заманғы тиімді оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процесін жүзеге асырамыз. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастық аясында белсенді жұмыс жүргіземіз. Сіздердің білікті, білімді маман болып қалыптасып, кәсіби қызметтеріңізде биіктерден көрінетіндеріңізге сенімдімін!
