
Халықаралық ынтымақтастық
«ҚҰРЫЛЫС» КАФЕДРАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Сәулет-құрылыс факультетінің (СҚФ) Құрылыс кафедрасы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ұзақ мерзімді ғылыми және білім беру байланыстарын орнатқан.
Кафедраның докторанттары жыл сайын әлемнің шетелдік университеттерінде жоспарланған ғылыми тағылымдамадан өтуде, ал шетелдік профессорлар кафедрада бакалавриат, магистранттар және докторанттар үшін сабақтар жүргізеді.
Айта кету керек, «Құрылыс» кафедрасы оқытушыларының көпшілігі ағылшын тілді топтарда сабақ беру және шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген.
![]() |
![]() |
|
Профессор Буминатхан Құрылысшы докторанттарға дәріс оқуда |
|
2023–2024 оқу жылында бірінші семестрде Мадрас технологиялық университетінен (Үндістан) профессор Адимулам Бхуминатан Құрылыс кафедрасына шақырылды.
Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, докторларды (шетелдік консультанттар көмегімен) және магистрлерді даярлау, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар, конференциялар, шетелдік іссапарлар мен ғылыми тағылымдамалар салаларында дамып келеді.
Студенттердің академиялық ұтқырлығы
Құрылыс факультетінің барлық студенттері ЕҰУ, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Эразмус және т.б академиялық ұтқырлық гранттары аясында, сондай-ақ өзін-өзі қаржыландыру арқылы алыс және жақын шетел университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие.
Айта кетерлігі, академиялық ұтқырлық аясында оқуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді. 2023–2024 оқу жылында «Құрылыс», «Инженерлік жүйелер мен желілер» мамандығының 5 студенті Еуропа университеттеріне аттанды.
Шетелдік студенттерді тарту
2023–2024 оқу жылының бірінші семестріндегі мәліметтерге сәйкес, құрылыс факультетінде Ресей, Ауғанстан, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Украина және Нигериядан келген 13 шетелдік студент табысты білім алуда. Бір постдокторант Үндістаннан.

Нигериядан келген магистрант Окафор Эммануэль, 2023 жыл, желтоқсан


