
Кафедра меңгерушісі

Ақмарал Едігеевна Елеусінова
"Құрылыс" кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты
Білімі:
- 1993 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрылыс факультетін 430029 – «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірді;
- 1999-2003 жж. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ө.Ә.Жолдасбеков атындағы «Механика және машина жасау» ғылыми-зерттеу институтының күндізгі бөлімінде аспирантурада 01.02.06 – Машиналардың, аспаптардың және жабдықтардың динамикасы, беріктігі мамандығы бойынша оқыды.
Ғылыми дәрежесі:
– Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінің шешімімен 2002 жылғы 15 шілдедегі №10 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясы бекіткен техника ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. Диссертациялық зерттеу тақырыбы: «Динамикалық жүктеулер кезінде кинематикалық жұптардағы үйкеліс күштерін ескере отырып, жоғары класты кеңістіктік механизмдердің серпімділік жағдайы».
Кәсіби тәжірибе:
- білім беру жүйесіндегі ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 28 жыл;
- 2009 - 2012 жж. - Атырау мұнай және газ университетінің «Геодезия және картография» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды,
- 2013-2017 жж. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Информатика және басқаруды автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі;
– 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Елеусінова А.Е. 25-тен астам ғылыми жарияланымы, оның ішінде «Ғылым ордасы» баспасынан шыққан «Квазистатика, серпімді кеңістіктік механизмдердің динамикасы және тұрақтылығы» монографиясы, «Құрылыс» саласы бойынша төрт оқу құралы, ғылыми басылымда жарияланған, Scopus-те индекстелген ғылыми мақалалары бар.
Ақмарал Едігеқызы «Құрылыс конструкциялары», «Темір-бетон конструкциялары», «Сәулет және құрылыс конструкциялары» т.б. пәндер бойынша дәріс оқиды және практикалық сабақтар жүргізеді.
Ақмарал Едігеқызы Сәулет-құрылыс факультеті «Педагогикалық шеберлік мектебінің» төрайымы.
Жұмыс телефоны: 33410 – ішкі байланыс
E-mail: yeleussinova_aye@enu.kz
