

«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының пайда болу тарихы және дамуы 1964 жылы салынған Целиноград инженерлік – құрылыс институтының тарихымен тікелей байланысты. 1994 жылы институт Ақмола облысындағы С.Сейфуллин атындағы университет құрамына кірді, ал 1996 жылғы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың үкімімен Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті құрылды.
1964 жылы «Өндірістік және азаматтық құрылыс» (ӨАҚ) мамандығы бойынша ең алғаш студенттер қабылданды, осы жылы алғашқы бес кафедраның құрамында болған «Құрылыс өндірісінің технологиясы» кафедрасы құрылып, 2004 жылы «Құрылыс» ӨҚкафедрасы болып өзгертілді, ал 2012 жылы «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасы болып бөлініп шықты.
Оқу процесінің қажеттілігі, студент контитгентінің өсуі, ғылыми ізденіс жұмыстарының дамуы (ӨАҚ) кафедрада профильді және ғылыми бағыттағы пәндерге негізделген бірнеше кафедраның ашылуына септігін тигізді.
«Өндірістік және азаматтық құрылыс» (ӨАҚ) кафедрасын әр жылдары басқарған меңгерушілер: Хамзин С.К., ЦИСИ проректоры, т.ғ.к., профессор, ҚР жоғарғы мектебінің беделді қызметкері (1970-1987), т.ғ.к., доцент Байканов Ж.П. (1987-1989), Фендт Б.Е. (1989-1996), Аканов Е.Б. (1996-2001), т.ғ.к., профессор Бакенов Б.Б. (2001-2008), т.ғ.к., доцент Абдушкуров Ф.Б (2008), профессор Толкынбаев Т.А. (2008-2009), т.ғ.к., доцент Сабитов Е.Е. (2012-2022), т.ғ.д., профессор Аруова Л.Б. 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін.
«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасы 5В072900 «Құрылыс» мамандығы бойынша бакалавр (4 жыл) мамандықты: «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» дайындайды. Мамандарды дайындау оқытудың күндізгі бөлімі бойынша мемлекеттік стандартқа сай оқытылады. Оқыту мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі.
Кафедрада 6М073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырымдарын өндіру» мамандығы бойынша магистранттарды ғылыми – педагогикалық (2 жыл) бағытта дайындауды белсенді түрде жүргізеді.
2010 жылғы ұлттық рейтингте ҚР-ғы жоғарғы оқу орындарының арасында Еуразия Ұлттық Университеті «Құрылыс »мамандығы бойынша 1 орынды иеленді.
Кафедрада бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіледі. Студенттер ғалымдардың, тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми жұмыстармен айналысады және де студенттік ғылыми конференцияларға қатысады, өздерінің ғылыми материалдарын дипломдық жұмыста қолданылады. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары университеттің ғылыми жұмыстар жинағының басылымында шығады.
