
Жетістіктер
ТПГС кафедрасының мақтаныштары:
ОМАРОВ КАЙСАР ОСПАНОВИЧ –Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының экс-депутаты,1979 жылы Целиноград инженер-құрылыс институтын бітірді.
ДЖАКУПОВ КАБИБУЛЛА КАБЕНОВИЧ –Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің халықаралық ісі, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитет мүшесі. Целиноград инженер-құрылыс институтын бітірді.
ЕСЖАНОВ САУЫРБАЙ КОЛИБАЕВИЧ – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің халықаралық ісі, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитет мүшесі. Целиноград инженер-құрылыс институтын 1989 жылы бітірді.
ЕСИЛОВ САНСЫЗБАЙ СЕЙТЖАНОВИЧ – – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты. Целиноград инженер-құрылыс институтын 1979 жылы бітірді. Құрылысшы-инженер.
КАПЕЛЬ ЕГОР ЯКОВЛЕВИЧ – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің экология және табиғи пайдалы қазбаларды пайдалану сұрақтары жөніндегі Комитет мүшесі. Целиноград инженер-құрылыс институтын 1980 жылы бітірді. Құрылысшы-инженер
КОТОВИЧ ВАЛЕРИЙ НИКОЛАЕВИЧ – Экология және табиғи пайдалы қазбаларды пайдалану сұрақтары жөніндегі Комитет Хатшысы Целиноград инженер-құрылыс институтын бітірді. Инженер- механик.
МАМИН АСКАР УЗАКПАЕВИЧ – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің біріншіорынбасары. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Г. В. Плеханова атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірді Құрылысшы-инженер, экономист.
Ғылым декадасы күніне орай сәулет –құрылыс факультетінде «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к.,доцент Ерлан Енжилович Сабитовтың ұйымдастырылуымен «Ғылыми зерттеу нәтижелерін өндірісте енгізудің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Кіріспе сөзді деканның ғылым жөніндегі орынбасары А.А.Жумагулова бастады. Сонымен қатар презентациялар және баяндамалармен келесі қатысушылар сөз сөйледі: т.ғ.к.,доцент Ахметов Н.С. «Құрылысты тиімді басқарудың бағытындағы ұйымдастыру мәселелерін шешу», т.ғ.д.,профессор Шашпан Ж.А. «Өнерксәіптерді гранттар бөлу жолдарымен мемлекеттік қолдаудың жалпы жағдайы», «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарының өндірісі» мамандығының 1-курс магистранты Әбдуәлі Айдана «Коммерциализация инновационных технологии в производстве строительных материалов», Phd Базарбаев Д.О. «Цементті бетон жолдарға арналған сіңіру құрамы» және магистр Жаканов А.А. «Қабырғалы бұйымдарға арналған жеңіл бетондарды қолдану» . Қорытынды сөзде «Г жК» кафедрасының меңгерушісі Аукажиева Ж.М. және «ӨАҚТ» кафедрасының меңгерушісі Сабитов Е.Е. қатысушылардың барлығын құттықтап, алғысарын білдірді.
2025-2026 жылдарға арналған профессор-оқытушылар құрамының сертификаттары (жүктеп алу)
Патенты (жүктеп алу)
"Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс" кафедрасының студенттерінің әр түрлі бағыттағы жетістіктері (дипломдар, сертификаттар, грамоталар):

2023 жылғы 16-18 қазан аралығында "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы" кафедрасының меңгерушісі профессор Л. Б. Аруова, қауымдастырылған профессор Л. А. Жақсылықова, KAZ Building-2020 ЖШС директоры А. Б. Елеусізова 5th International Conference on Nanomaterials, Materials and Manufacturing халықаралық конференциясына қатысты инженерия (ICNMM 2023) Васеда университетінде, Токио. Ғалымдар асфальт, битум және асфальт - полимерлі материалдарға арналған микро-және нанодисперсті қоспаларды пайдалану бағыты бойынша өз әзірлемелерін ұсынды, сондай-ақ осы бағытты коммерцияландыру мүмкіндіктерін қарастырды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
"Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы" кафедрасының меңгерушісі профессор Л.Б. Аруова, қауымдастырылған профессор Л. А. Жақсылықова, KAZ Building-2020 ЖШС директоры А. Б. Елеусізова әлемге әйгілі Токио университетіне барды. Dr Prof Ippei Maruyama құрылысы кафедрасының меңгерушісі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарымен және Қазақстан Республикасының бизнес құрылымдарының өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделілігін білдірді.

Профессор Кипрос Пилакоутас және қауымдастырылған профессор Маурисио Гуадагнини – Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) шақырылған профессорлары 2024 жылдың 17-қазаннан мен 28-қазан аралығында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне шақырылған профессорлары ретінде барды. Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі Проректор Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Ұлыбритания Шеффилд университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Университет басшылары Ұлыбритания кеңесінің – Ұлыбританияның мәдени байланыстар және білім беру мүмкіндіктері жөніндегі халықаралық ұйымының қолдауымен ғылым мен білім беру саласында тығыз ынтымақтастықты жоспарлап отыр. Сәулет-құрылыс факультеті ғалымдарының "500" ғалым бағдарламасына қатысуын күшейту арқылы ынтымақтастықты кеңейту бойынша Болашақ Халықаралық бағдарламалар орталығының қатысуымен тығыз ынтымақтастық жоспарланған. Профессор Аруова Ләззат Боранбайқызы 2024 жылы профессор Кипрос Пилакутастың жетекшілігімен Шеффилд Университетінде «500 Ғалым» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.
Шақырылған профессорлар «Құрылыстағы Инновациялық технологиялар. Халықаралық тәжірибе» атты Халықаралық тренинг өткізді. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетінің профессорлары, докторанттары, магистранттары белгілі профессорлар Кипрос Пилакоутас пен Маурисио Гуадагнинидің құрылыс саласындағы дәрістеріне қуана қатысты.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Ж. Д. Құрманғалиева мен Шеффилд университеті (Ұлыбритания) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін

Шеффилд Университет профессорларының Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, профессор Ж. М. Малибековпен кездесуі

«Құрылыстағы Инновациялық технологиялар. Халықаралық тәжірибе» семинары
2024 жылдың 19 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультетінде «Ашық есік» күні өтті.
Еуразия ұлттық университеті — Қазақстанның жетекші білім беру орталықтарының бірі, ал оның сәулет-құрылыс факультеті еліміздің үздік мамандарын даярлайтын оқу орны болып табылады. Осы күні факультетке келген қонақтар оқу процесімен танысып, саладағы жетекші ғалымдармен әңгімелесіп, факультеттің мамандықтары жайлы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына түсу тәртібі туралы кеңес алу мүмкіндігі болды. Бұл іс-шара университеттің білім беру жүйесімен танысуға, өз болашағы үшін маңызды шешімдер қабылдауға көмектесті.
Біз барлық қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз және болашақта жаңа іс-шараларда кездесуге үміттенеміз!

6.12.2024 ж. күні факультетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жасайтын өкілдер келіп, студенттерге дәріс оқыды. Дәрісте әртүрлі мәселелер айтылды, соның ішінде оқу барысында, сессия кезінде оқытушыларға ақша жинамау, дастарған жаймау, сыйлық жасамау туралы сұрақтар көтерілді. Еске сала кетсек, 17-ші қараша күні заңсыз құқық бұзушылық фактісі тіркелген, яғни факультеттің 4-курс студентінің заңсыз құпия ұрлық жасауына қатысты болуына байланысты, кеше, яғни 13.12 күні прокуратурадан келіп 4-курс студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуде студенттерге қандай жағдай болмасын заңсыз әрекетке бармауға, барған жағдайда әрбір азамат немесе азаматша заң алдында жауапты екенін ескертті.

2025 жылдың 26 маусымында Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы" кафедрасының бакалавриат түлектеріне 6В07322 -"Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс", 6В07361 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру" мамандықтары бойынша дипломдар табыс етілді.
Сол күні магистратура түлектеріне 7М07361 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру "– 19 адам мамандығы бойынша дипломдар табысталды.
Дипломдарды Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор А. Б. Бисенбай, сәулет-құрылыс факультетінің деканы Е. Е. Сәбитов, "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы" кафедрасының меңгерушісі Л. Б. Аруова, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының төрағасы Р. К. Базилов, АБК ЖШС техникалық директоры Ф. Б. Абдушукуров табыс етті.

Архитектура-құрылыс факультетінің профессоры Аруова Л.Б., қауымдастырылған профессор Тлеубаева А.К. және аға оқытушы Жаксылыкова Л.А. 2025 жылдың 19–21 қарашасы аралығында Шеффилд университетінде (Ұлыбритания) өткен «Қалдықтар негізінде ұсақ түйіршікті бетонды 3D-басып шығару технологиясы» атты семинарға қатысты. Семинар «Қалдықтар негізінде ұсақ түйіршікті бетонды 3D-басып шығару технологиясы» атты , ҚР ҒЖБМГҚ - жобасы аясында өткізілді, жоба жетекшісі – профессор Аруова Л.Б.
Семинарға Шеффилд университетінің инженерлік факультетінің ұсақ түйіршікті бетонды 3D-басып шығару бағыты бойынша ғалымдары мен докторанттары – профессор Кипрос Пилакоутас және профессор Бекзад Нематоллахи қатысты.

ЕҰУ ғалымдарының Шеффилд университетіне (Ұлыбритания) «Қалдықтар негізінде ұсақ түйіршікті бетонды 3D басып шығару технологиясы» атты жобасы шеңберіндегі сапары

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 16:10-да СҚФ корпусының 203 аудиториясында «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Ахметов Нұралы Садырыбекұлы 6В07322 – «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері үшін ашық сабақ (практикалық сабақ) өткізді.
Ашық сабақ «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру» пәні бойынша «Құрылыс алаңын және оны жұмыс өндірісін жүргізуге даярлау. Құрылыс бас жоспарын жобалау» тақырыбында өтті.
Сабақтың мақсаты – студенттерді құрылыс өндірісін ұйымдастырудың заманауи түрлерімен таныстыру, құрылыс объектісін дайындау, құрылыс алаңын ұйымдастыру және құрылыс сапасын бақылау жұмыстарын үйрету.
Сабақ барысында компьютерлік презентациялар, көрнекі материалдар және практикалық тапсырмалар қолданылды. Теория мен практиканың өзара байланысы сақталып, студенттердің белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

2025–2026 оқу жылының күзгі семестрінде «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ 2025 жылғы 15 қазанда сағат 9:00-де, СҚФ корпусының 206 аудиториясында ұйымдастырылды.
Ашық дәрісті доцент Қожас Айгүл Кенжебекқызы «Құрылыс өндірісінің негіздері» пәні бойынша өткізді. Сабақ барысында жер жұмыстарына арналған машиналар, бір шөмішті экскаваторлардың түрлері мен олардың техникалық сипаттамалары қарастырылды. Ашық сабақ заманауи оқыту әдістері мен көрнекі материалдарды қолдану арқылы жоғары деңгейде өтті.
. 
Л.Н. Гумилев атындағы Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева 30 жылдық мерейтойы аясында «Үздік практика базасы – 2026» бейнебайқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқау университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайтудың, сондай-ақ студенттердің кәсіби даярлығын ұйымдастырудың үздік тәжірибелерін көрсетудің маңызды алаңына айналды. Оның басты мақсаты – практиканың жоғары деңгейде өткізілгенін көрсететін сапалы бейнематериалдарды анықтау, табысты тәжірибемен алмасу, кафедралар мен практика базалары арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлеуетті жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Байқау үш кезеңде өтіп, оған 30 практика базасы қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша дипломдар мен арнайы номинацияларға ие болған 13 үздік ұйым анықталды.
Бейнебайқаудың Гран-при жүлдегері – BI Group компаниясының «Modex» зауыты. BI Group компаниясының «Modex» зауыты көп жылдан бері «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының өндірістік филиалы болып табылады. 6B07322 – «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», 6B07361 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру», 7M07361 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру», 7M07330 – «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиялары» білім беру бағдарламаларының түлектері BI Group компаниясына табысты түрде жұмысқа орналасуда.
Мерейтойлық байқау тағы да бір мәрте дәлелдеді: табысты практика – бұл оқу үдерісінің міндетті кезеңі ғана емес, сонымен қатар сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың стратегиялық құралы.
.
. 
2026 жылдың 10 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетінде “Цемент байланыстырғыш және металлургия өнеркәсібінің қалдықтары негізінде алынған ыстыққа төзімді бетондар” тақырыбында семинар өтті. Спикер ретінде 8D07361 – “Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру” білім беру бағдарламасының докторанты Акимбекова Самал Тотайқызы сөз сөйледі.
Құрылыс өндірісін дамытудың негізгі бағыты жаңа материалдарды қолдану, материалды қажетсінуді азайту, құрылысты механикаландыру мен индустрияландыруды қамтамасыз ету, бұйымдар мен конструкциялардың пайдалану сипаттамаларын ұлғайту, құрылыс материалдарын өндіруде, оның ішінде өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын пайдалану есебінен қалдықсыз технологияларды енгізу болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, көп тонналық қалдықтардың пайда болуы өнеркәсіптік аудандарда жүреді, ал кондиционерленбеген шикізат номенклатурасы кең ассортиментке ие. Алайда, қалдықтарды жаппай пайдалану үлкен көліктік және басқа шығындарға байланысты қиын, сондықтан оларды шоғырланған аймақтарда қолданған жөн. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, қалдықтарды өндіретін кәсіпорындар осы түзілімдердің мәртебесіне көзқарастарды өзгертуі керек, яғни.қалдықтарға перспективалы және арзан шикізат ретінде қарау және техногендік ресурстарды пайдалануды көздейтін әртүрлі инновациялық технологияларды қолдану. Мысалы, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында шлактар, байыту шламдары және т. б. түзіледі, ал металдарды өндіру үшін пештерді арнайы ыстыққа төзімді, отқа төзімді және жылу оқшаулағыш материалдармен немесе т. б. үздіксіз жөндеуді және күтіп ұстауды қажет ететін әртүрлі жылу қондырғылары қолданылады.
Күрделі пайдалану жағдайында жұмыс істейтін жылу агрегаттарының төсемдері үшін физика-термиялық қасиеттері жоғары бетондар мен ерітінділер жасау маңызды болып табылады. Ыстыққа төзімді бетондар қара және түсті металлургияда, химиялық және мұнай өңдеу, мұнай-химия, энергетика, машина жасау және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, құрылыс материалдарын өндіруде қолданылады. Ыстыққа төзімді бетондардың компоненттері-жұқа ұнтақталған қоспалар мен толтырғыштар әдетте қымбат материалдардан (шамот, муллит, хромит, магнезит, циркон және т.б.) жасалады. Тапшы және қымбат компоненттерді жергілікті материалдармен алмастыру және тапшы материалдарды, әсіресе өнеркәсіп қалдықтарын пайдалана отырып, химиялық байланыстырғыштарға ыстыққа төзімді бетондарды алу технологиясын әзірлеу маңызды міндет болып табылады.
Мысалы, “Қазақстан алюминийі” АҚ өндірісінің ірі тоннажды техногендік қалдықтары бокситтерді глиноземге өңдеу кезінде алынатын боксит шламы қоршаған ортаға үлкен экологиялық әсер етеді. Бір тонна алюминий тотығына шамамен төрт тонна шлам алынады. Құрылыс өндірісіндегі шламды жоюдың негізгі жолдарының бірі-оны портландцемент клинкерін өндіруде Шикізат қоспасының темір-алюминий компоненті ретінде пайдалану.




