
Ғылыми жұмыс
«Дизайн және инженерлік графика» кафедрасында жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен алынған жобалар:
- Кафедра профессоры, техника ғылымдарының докторы, «Алынған өнімді құрылыс материалдарына қайта өңдеу арқылы шламдағы хромды (VI) детоксикациялау әдісі» атты №35729 патент иегері Базарбаева С.М. Республикалық «Шапағат-2023» байқауының «Өнертапқыш әйел» номинациясында жеңімпазы атанды.

- Самуратова Т.К. 2023 жылғы 3 тамыздағы №269/23-25 келісімге сәйкес AP19676893 «Дәстүрлі қазақ өнері мен қазырғы бірінші саласын оқу-әдістемелік қамтамассыз ету» тақырыбы бойынша жобаның ғылыми жетекшісі.
- Базарбаева С.М. ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік иесі.
- Андабаева Г.Д.«Шығармашыл жастарды қолдау іс-шараларын ұйымдастыру» жобасының грантын жеңіп алды. 700 000 теңгеге анықтама.
- Андабаева Г.Д. жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға«Мемлекеттік қамтамасыз ету үшін шағын кәсіпкерлік субъектісі» бойынша2021 жылғы 27 шілдедегі № 2906 сомасы 5 000 000 болатын грант ұтып алды.
- Патент – Базарбаева С.М. - (бірлескен автор Сәрсенов А.М.) ҰЗМИ РМК 05.04.2021 № 2021/0226.1.
- «Алынған өнімді құрылыс материалдарына кәдеге жарату арқылы шламдағы хромды (VI) детоксикациялау әдісі» өнертабысқа өтінім бойынша формалды сараптаманың оң шешімі.
- Патент – Байжанова Ж.Б., Садықова Ж.М. (Бірлескен авторлар Мыңбаев М.Т., ЖүнісоваГ.Т., Умралиева Б.И., Айбулдинов Е.Қ., Искакова Ж.Б.) Патент № 3434, 11 ақпан 2021 ж. «Дәнекерлеушінің қысқы костюмі» өндірістік үлгісі бойынша.
- Байдабеков А.Қ., Садықова Ж.М., Тулеуова Г.К. Сертификат № 9320, 20.04.2020 Нысан: EEM бағдарламасы, Инженерлік графика.
Объектінің атауы: "Магистрлік диссертациялардың тақырыбы-2018", № 261, 23 қазан, 2018 жыл
- Сипаттамасы:"Деректер қоры". Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік
- Қатысушылар мен ғалымдар:п. ғ. к., доцент Бегімбай К. М.
Объектінің атауы: "Қазақстан университеттерінде ғылым, өндіріс және білім берудің өзара іс-қимылы", № 2016, 20 маусым 2018 жыл
- Сипаттамасы:ғылым туындысына авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мақала)
- Қатысушылар мен ғалымдар:п. ғ. к., доцент Бегімбай К. М.
2017-2018 оқу жылында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау аясында дайындалып берілген гранттар:
- ҚР БҒМ Ғылым комитетінің № AP-PSP-I-17/015 P "Термиялық қорғау арнайы киімін және роботталған тігін машинасын өндіру" тақырыбы бойынша грантты жеңіп алынды. Ғылыми кеңесшісі: «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының доцент м.а. Мыңбаев М.Т.
- ҚР БҒМ Ғылым комитетінің № АР05135840 "Материалдардың өрттен қорғау қасиеттерін зерттеу және бағалау үшін автоматтандырылған сынақ кешенін әзірлеу" тақырыбы бойынша 15 миллион теңгеге грант ұтып алынды.
Ғылыми кеңесшісі: «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының доцент м.а. Мыңбаев М.Т.
"Қазақстанның материалдық мәдениеті мен этно-дизайнының («протодизайн» ориньяк-солютрей кезеңінен қазіргі уақытқа дейін) тарихы, теориясы".
1.Жобаның сипаттамасы: Бесшатыр, Пазырық, Берел қорғандарында, сонымен қатар Ә.Марғұлан және т.б. археологиялық қазбаларында табылған үй тұрмысы, киім-кешек, әшекейлік бұйымдарына - ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның материалдық мәдениетінің тарихына функционалдық және эргономикалық көзқарас тұрғысынан талдау жасалды. Қазақстанның барлық территориясында дәстүрлі түрде қолданылған материалдардың - бұйым формаларының, безендірулерінің, сәндік-қолданбалы өнер туындылары функцияларының сәйкестігі қарастырылды.
2. Жобаның жүзеге асырылу кезеңі: 2009-2011 ж.ж.
3. Жоба мүшелері мен ғалымдары:
Жоба жетекшісі: п.ғ.д., профессор Асылханов Е.С.
Орындаушылар: доцент м.а., п.ғ.к. Могильная А.В., аға оқытушы, дизайн магистрі Асылханова А.Е., аға оқытушы Еңсебаев Т.М.
4. Жұмыстың нәтижелері:
Қазіргі дизайнның аса маңызды және күрделі мәселелерінің біріне - аймақтық қалып түзу және этнодизайн мәселесіне талдау жасалды. Қазақтардың протодизайнының тарихы мен теориясы ғылыми негізделді және жүйеленді. Қазақтардың ертедегі өмір сүруінің ландшафттық ортасының, тұрмыстық бұйымдарының, жиһаздарының эргономикасы анықталды. Материалдық мәдениеттің заттарын зерделеу негізінде қазақстандық этнодизайн феномені, қазіргі Қазақстанның жалпы мәдени құндылықтарындағы алатын орны мен жай-күйі анықталды.
Батыс елдерінің материалдық мәдениеті иллюстрацияланып, салыстырмалы талдау негізінде қазақ протодизайны ою композициясы мен формасының күрделілігі бойынша батыстық үлгілерден кем емес және бастауы б.э.д. 30-40-шы мыңжылдықтар (ориньяк – солютрей және мадлен кезеңдері) болып табылып, тамыры тереңге кеткендігі, ал қазіргі Қазақстанның дизайны қазақтар мен ел территориясын мекендейтін басқа да этностардың көпғасырлық мәдениетінің көрінісі мен қисынды жалғасы болып табылады, сонымен қатар ол әлемдік "дизайнерлік қауымдастыққа" лайықты ықпалдасады деген қорытынды жасалады.
"Көркем мәдениетке оқытуды жүзеге асыру аясындағы жоғары оқу орындарында халық өнері саласындағы білім беру үдерісінің инновациялық оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі".
1. Жобаның жүзеге асырылу кезеңі:2012-2014 ж.ж.
2. Жобаның сипаттамасы:
Көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшін көркем мәдениетке оқытуды жүзеге асыру аясындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде халық өнерін дамытуға инновациялық тұрғыдан келуді, принциптерді, әдістемелер мен технологияларды енгізуге және мәдени мұраның көп жылдық тәжірибесі мен дәстүріне негізделе отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білімдік үдерісін жүзеге асырудың әдіснамасы, теориясы, әдістемесі мен технологиясы бойынша іргелі - қолданбалы зерттеулерді жүргізу қажет.
3.Күтілетін нәтижелер мен жарияланымдар:
Республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу.
Оқулықтарды дайындау, ғылыми баяндамалар мен мақалаларды жариялау.
Көрнекті шетел мамандарын шақырып, халықаралық семинар өткізу.
Оқу құралдарын, арнайы курстарды, оқу-әдістемелік құралдарды (материалдарды) баспадан шығаруға дайындау.
Республикалық және халықаралық конференциялардың жұмысына қатысу.
4. Жоба мүшелері мен ғалымдары:
Жоба жетекшісі: "Инженерлік графика және Дизайн" кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Самұратова Т. К.
