
Кафедралар"Дизайн және инженерлік графика" кафедрасы
Материалдық-техникалық база
1.09.2021 жылдан бастап "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасында Мұхаметқали Қазипа Қалиқызы бастаған имидждік өнімдер өндіру базасы жұмыс істейді. Шеберханада кеңсе өнімдері, аксессуарлар, киім-кешек және тағы басқа бұйымдар бар. Өнім дизайнын Сәулет және құрылыс факультетінің "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасының студенттері ойлап тауып, жасайды.


Өнімдер кафедра жанындағы шеберханада, сондай-ақ филиалда практика базаларында дайындалады. Сондай-ақ, тауарлар ЕҰУ оқу-зертханалық корпусында сатылымға шығарылады. Келушілер университеттің имидждік өнімдерін қуана сатып алады.



6В02120-Графикалық дизайн мен 6В02121-Сәулеттік дизайн және 7М02121-Дизайн білім беру бағдарламалары бойынша оқыту Қажымұқан 13 мекенжайы бойынша №6 (АСФ) корпуста жүзеге асырылады.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасында барлық қажетті материалдық-техникалық база бар. Оқу процесіне 501, 502, 503, 503(а), 504, 506, 507, 508, 512 қатысады. Оның ішінде 502, 508 - компьютерлік сыныптар (25 компьютермен жабдықталған), 503 (а), 506-кескіндеме және сурет кабинеттері (мольберт және қойылым материалы), 512 – макет шеберханасы. Көптеген аудиторияларда интерактивті тақта, проектор және проектор экраны бар.
"Дизайн және инженерлік графика" кафедрасына бекітілген аудиториялар мен шеберханалар оларды пайдалану шарттарына қойылатын тиісті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді және өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің талаптарына жауап береді.

