
Халықаралық ынтымақтастық
Кафедраның іс-әрекеті Лиссабон Конвенциясы мен Болон декларациясының қағидаларына сәйкес үздіксіз кәсіби білім беруді құру тұжырымдамасына негізделіп, білім беру технологияларын жетілдіру, мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіби тұрғыдан қайта даярлау мақсатында шетелдік серіктестермен байланыстарды дамытуға бағытталған.
Кафедраның оқытушылары, ғалымдары мен магистранттары Ресей, Беларусь, Украина, АҚШ, Германия, Қытай, Италия, Түркия және т.б. елдердегі конференцияларға, көрмелерге, семинарларға қатысады. Шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттары, студенттері арасындағы оқу алмасуы жүзеге асырылады.
Біздің серіктестер
«Инженерлік графика және Дизайн» кафедрасы келесі оқу орындарымен және ұйымдармен серіктес:
1. Низами атындағы Ташкент педагогикалық университеті. Өзбекстан
1. Ұлттық Дизайн Институты, Ресей, Мәскеу.
2. Сібір мемлекеттік автомобиль жолдары академиясы. Ресей, Омск.
3. Омск мемлекеттік техникалық университеті. Ресей, Омск.
4. Белорусь ұлттық техникалық университеті. Беларусь, Минск.
5. Акдениз университеті. Түркия, Анталия.
Академиялық ұтқырлық:
Кафедра оқытушыларының, магистранттарының, студенттерінің сыртқы ұтқырлығы жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда тағылымдамадан өтумен, тәжірибе алмасумен, зерттеушілік іс-тәжірибемен байланысты.
Біліктілікті арттыру:
2018 жылдың 14-28 маусым аралығында «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Акдениз университетінде «Adaptation of the national cultural component in modern design education» тақырыбында (Анталия қаласы, Түркия) біліктілігін арттыру курстарынан өтіп келді.
Жақын және алыс шетел мамандарымен тәжірибе алмасу бағдарламасының аясында каефдраға келесі мамандар шақыртылды:
Волков Владимир Яковлевич (Сібір мемлекеттік автомобиль жолдары академиясы, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Сызба геометрия, инженерлік және машиналық графика» кафедрасының меңгерушісі);
Притыкин Федор Николаевич (Омск мемлекеттік техникалық университеті, техника ғылымдарының докторы, доцент, «Сызба геометрия, инженерлік және компьютерлік графика» кафедрасының меңгерушісі), Омск қ., Ресей, 2011 ж., «Сызба геометрия және инженерлік компьютерлік графика» атты жаздық мектеп;
Лекарева Нина Афанасьевна, архитектура кандидаты, профессор (Самара мемлекеттік архитектуралық-құрылыс университеті, Қала құрылысы кафедрасы, Самара қ., Ресей, 2011 ж.) «Дизайндағы креатив», «Шатыр үстіндегі бақтар», «Ландшафтты дизайндағы құжаттама» атты тақырыбындағы семинарлар;
Александра Хандрек Буссениус, доктор, Еханес Гротес, доктор (Лорберг ағаш көшеттемесі, Треммен, Германия, 2012 ж.) «Ағаш өсімдіктеріне арналған сапа өлшемдері», «Ағаш өсімдіктері сапасының ішкі және сыртқы параметрлері» атты тақырыбындағы семинарлар;
Сазонов Константин Александрович, техника ғылымдарының докторы, профессор (Киев ұлттық технология және дизайн университеті, Киев қ., Украина, 2012 ж.) семинар «Инженерлік графика және дизайн-жобалаудағы компьютерлік технологияны қолданудың жаңа бағыттары» атты тақырыбындағы семинар;
Яцюк Ольга Григорьевна, профессор, өнертану ғылымдарының докторы (Дизайн Ұлттық Институты), «Дизайндағы заманауи материалдар», «Заманауи дизайн әдістері» дәріс курсы, практикаылқ сабақтар мен мастер-класстар;
Кучкарова Диларом Файзуллаевна, техника ғылымдарының докторы, Ташкент ирригация және мелиорация институтының профессоры (Өзбекстан); «5В042100 – Дизайн» мамандығының 5 курс студенттеріне "Заманауи дизайн" пәнінен дәріс оқу;
Амер Рей, PhD докторы, сәулет профессоры, Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-эль-Хайма Америка университетінің Сәулет Департаменті меңгерушісі (БАӘ); "6М042100 – Дизайн" мамандықтарына «Орта дизайнындағы құрылымдар арт-нысана ретінде" пәнінен дәріс оқу;
Омер Заимоглу, педагогика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы (Акдениз университеті, Анталия қ., Түркия), Акдениз университетінің «Көркемөнер шығармашылығы» факультетінің «Дәстүрлі қолөнер бұйымдары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры және Акдениз университеті Жібек Жолы қолдану және зерттеу орталығы директорының орынбасары; «Ұлттық қолданбалы өнерге үйретудегі қазіргі инновациялық технологиялар» және «Ұлттық этнодизайнды жобалаудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін меңгеру» тақырыптарында семинарлар өткізу, 2018-2019 оқу жылының күзгң семестрінде «5В042100 – Дизайн» мамандығының 5 курс студенттеріне «Орта дизайндағы концептуалдық жобалау» және «6М042100 – Дизайн» мамандығының 1 курс магистранттарына «Шетелдік дизайн әдістері» пәндері бойынша дәріс оқу;
Исраель Могес, Сәулет бакалавры, Эфиопия сәулет, құрылыс және қалаларды дамыту институты (Аддис-Абеба, Эфиопия Республикасы), "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасында ерікті
