
Кафедра меңгерушісі

Жанар Талғатқызы Омарова – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының меңгерушісі
«Болашақ» бағдарламасының түлегі (Ұлыбритания). Қазақстан Дизайнерлер одағының және Шотландияның Корольдік архитекторлар институтының (RIAS) мүшесі.
Негізгі ғылыми қызығушылықтары – қалалардың тұрақты дамуы, урбан-дизайн, сәулеттік және дизайндық жобалау. Халықаралық рецензияланған журналдарда мақалалар авторы, ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысы, білім мен сәулеттік дизайнды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар иегері.
Оқыту философиясы халықаралық тәжірибе мен қазақстандық дәстүрді біріктіруге негізделген, жаһандық ойлайтын әрі жергілікті деңгейде әрекет ете алатын жас мамандарды даярлауға бағытталған.
