
Құрметті әріптестер, студенттер және талапкерлер!
Біз сіздерге дизайн саласындағы үш негізгі бағыт бойынша кафедрамыздың білім беру бағдарламаларын ұсынуға қуаныштымыз:
- Графикалық дизайн (6B02120) – студенттердің визуалды коммуникацияларды құру, брендинг және жарнамалық материалдарды әзірлеу дағдыларын дамытуға бағытталған бағдарлама. Бұл бағдарламаның түлектері бейнелеу өнерінің принциптерін қолдана отырып, ақпаратты қабылдауға тиімді әсер ете алады.
- Архитектуралық дизайн (6B02121) – сәулет тұжырымдамалары мен дизайн шешімдерін біріктіретін бағдарлама. Біздің студенттер тек теорияны ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік бағыттарды да оқиды, бұл қоршаған ортаға үйлесімді, бірегей кеңістіктерді құруға мүмкіндік береді.
- Дизайн (магистратура, 7M02121) – дизайндағы қазіргі тенденциялар мен технологияларды тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама. Магистратураның түлектері әр түрлі салаларда мамандану мүмкіндігіне ие болып, концептуалды ғылыми жобаларға қатысып және оларды құру, дизайн мен технологияның болашағына әсер ету мүмкіндіктерін алады.
Бұл бағдарламалар біздің студенттерге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін шығармашылық пен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Біз ғылыми және білім беру ұйымдарымен белсенді ынтымақтасамыз, бұл біздің біліміміздің өзектілігін және оқу үдерісіне заманауи тәжірибені енгізуді қамтамасыз етеді.
Таңдалған бағыт сіздің идеяларыңыз бен амбицияларыңызды жүзеге асыруға көмектесіп, дизайнның өнер және кәсіп ретінде дамуына зор үлесін қосатынына сенімдіміз.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Қазақстан Республикасының жетекші оқу орындарының бірі. "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасында бакалавриаттың 6В02121-Сәулет дизайны мен 6В02120-Графикалық дизайн және магистратураның 7М02121-Дизайн білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Кафедраны техника ғылымдарының докторы, Ұлттық машина жасау және көлік академиясының академигі, профессор Әуез Кеңесбекұлы Бәйдібеков басқарады.
Қазіргі уақытта "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасы "Сәулет дизайны" және "Графикалық дизайн" бағыттары бойынша мамандар даярлайды. Екі саланың түлектері өнер бакалавры академиялық дәрежесін алады. Дизайн саласының түлектерінде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін алу мүмкіндіктері бар. Оқу барысында студенттер мен магистранттар халықаралық, республикалық және қалалық конкурстарға, дипломдық жобалардың көрмелеріне қатысады. Біздің кафедра түлектері дизайн саласындағы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар.
Кафедра оқытушыларының көпшілігі: ҚР еңбек сіңірген сәулетшілері, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының мүшелері, ҚР Өнер академиясының академигі, ҚР Дизайнерлер одағының мүшелері, ҚР Сәулетшілер одағының мүшелері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері," жоғары оқу орнының үздік оқытушысы " және төрт грант иегері.
"Дизайн және инженерлік графика" кафедрасының білім беру бағдарламалары
|
№ |
БББ коды және атауы |
Ағымдағы нұсқа |
Аккредиттеу |
Сарапшы қорытындысы |
БББ мұрағаты |
БББ жаңартылуы (жылдар бойынша) |
Даму жоспары |
БББ жетекшісі |
|
БАКАЛАВРИАТ |
||||||||
|
1 |
6В02020 – Графикалық дизайн |
2025-2026 |
Сертификат нөмері № 23/16КА0051 |
Жаңартылуы |
Омарова Ж.Т. |
|||
|
2 |
6B02121 – Сәулеттік дизайн |
2025-2026 |
Сертификат нөмері № 25/26КА0205 |
Жаңартылуы |
Омарова Ж.Т. |
|||
|
МАГИСТРАТУРА |
||||||||
|
3 |
7М02121 - Дизайн |
2025-2026 |
Сертификат нөмері № 25/26КА0210 |
2025-2026 |
Жаңартылуы |
Омарова Ж.Т. |
||
