
«Дизайндағы кросс-дисциплинарлық тәсіл» тақырыбында ғылыми-зерттеу семинары

Ғылым күні аясында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай, 3 сәуірде сәулет-құрылыс факультетінде «Дизайндағы кросс-дисциплинарлық тәсіл» тақырыбында ғылыми-зерттеу семинары өтті.
Семинардың ұйымдастырушысы – техника ғылымдарының кандидаты, «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Нурмухамбетова Ботагөз Төлігенқызы.
Семинар барысында дизайн, сәулет, құрылыс және этнология салаларындағы білім беру бағдарламаларын интеграциялау мәселелері қарастырылып, факультеттің әртүрлі кафедраларындағы пәндерге жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар магистранттардың жобалық, ғылыми және тәжірибелік дайындығын біріктіретін пәнаралық өзара іс-қимыл бағыттарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ жобалық-бағдарланған оқытуды, командалық жұмысты және зерттеушілік құзыреттерді дамытуға бағытталған кіріктірілген оқу пәндерін әзірлеу перспективалары айқындалды.
Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен факультеттің білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар қатысты.

