
«BIM-технологиялары білім беру үдерістерін оңтайландыру үшін: студенттік жобалаудан Мемлекеттік сараптама талаптарына дейін» атты кездесу өтті

28 қаңтар күні Сәулет-құрылыс факультетінің 3–4 курс білім алушылары үшін Қазақстан Республикасының құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологияларын (BIM) енгізудің өзекті мәселелеріне арналған білім беру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ мамандардың академиялық дайындығы мен мемлекеттік сараптама талаптары арасындағы алшақтықты қысқарту, сондай-ақ BIM-технологияларын жобалау тәжірибесіне тиімді енгізу жолдарын түсіндіру.
Кездесуге қатысқан спикерлер:
-
Сәкен Қашқымбаев – РГП «Мемсараптама» мекемесінің BIM-технологиялар бөлімінің бас маманы
-
Серікхалиев Саламат Бауыржанұлы – РГП «Мемсараптама» мекемесінің цифрландыру жөніндегі бас директордың орынбасары
-
Дәурен Тоқмағамбетов – «Қарағанды Простройпроект» ЖШС-нің IT жөніндегі директор орынбасары
-
Аманжол Тәтенов – «Қарағанды Простройпроект» ЖШС-нің BIM-менеджері
Кездесу барысында цифрлық модельдерді құрудың әдістемелік қырлары, мемлекеттік сараптамадан өту кезіндегі жиі кездесетін қателіктер және жобалау қызметін цифрландырудың болашағы кеңінен талқыланды.
Білім алушылар өздерін қызықтырған маңызды сұрақтарға нақты жауап алып, BIM-технологияларының кәсіби қызметтегі маңыздылығын терең түсінді.
Мұндай кездесулер студенттердің тәжірибелік білімін арттырып, заманауи құрылыс саласының талаптарына бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді.
