
2026–2027 оқу жылының 1-семестрінде «Құрылыс» кафедрасында өткізілген ашық сабақ туралы

2026 жылғы 10 қазанда Сәулет-құрылыс факультетінің «Құрылыс» кафедрасында аға оқытушы Жарасов Ш.Ж. «Құрылыстағы геоақпараттық технологиялар» пәні бойынша «Кеңістіктік деректерді жинаудың тікелей әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ 6В07330 «Құрылыстағы цифрлық жобалау» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне, B074-7330-25-02 тобына өткізілді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге кеңістіктік деректерді тікелей жинау әдістері туралы теориялық білім беру, геокеңістіктік ақпаратты алудың негізгі тәсілдерін меңгерту, сондай-ақ құрылыста заманауи геоақпараттық технологияларды қолдану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- кеңістіктік деректерді тікелей жинаудың негізгі әдістері;
- геодезиялық өлшеулер жүргізу және объектілердің координаталарын анықтау принциптері;
- кеңістіктік ақпаратты алу үшін GNSS спутниктік навигациялық технологияларын қолдану;
- жиналған деректерді геоақпараттық жүйелерде пайдалану ерекшеліктері;
- құрылыс объектілерін жобалау және салу барысында кеңістіктік деректерді қолданудың практикалық маңызы.
Сабақта кеңістіктік деректерді алу, өңдеу және оларды құрылыс саласында пайдалану мәселелерінің теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды. Кеңістіктік өлшеулердің дәлдігіне және инженерлік міндеттерді шешуде геоақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
