
AP26198207 жобасын іске асыру аясында Қарағанды қаласына А.Р. Омаровтың ғылыми ісапар

2026 жылғы 27–31 тамыз аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультеті «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы, AP26198207 « Құрылыс алаңдарында дрондарды пайдалану арқылы бет-әлпетті тану, жеке қорғаныс құралдарын тексеру және алкоголь деңгейін мониторингтеу үшін интеграцияланған қауіпсіздік жүйесі» ғылыми жобасының жетекшісі Омаров Абдулла Рахметұлы Қарағанды қаласына ғылыми іссапармен барды.
Іссапар аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ғалымдары мен мамандарымен жұмыс кездесулері және ғылыми консультациялар өткізілді.
Кездесулер барысында құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жасанды интеллект, компьютерлік көру және цифрлық технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар бейне деректерді автоматтандырылған талдау, жұмысшыларды анықтау, жеке қорғаныс құралдарының пайдаланылуын бақылау, тұлғаны сәйкестендіру, сондай-ақ әзірленіп жатқан жүйенің бағдарламалық және аппараттық компоненттерін интеграциялау бағыттарын талқылады.
Сонымен қатар нейрондық желілерді оқытуға арналған деректерді дайындау, объектілерді анықтау дәлдігін арттыру және жалған іске қосылуларды азайту мәселелері қарастырылды. Цифрлық деректерді өңдеу және құрылыс нысандарындағы қауіпсіздікті интеллектуалды мониторингтеу жүйелерін әзірлеу бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді.
Іссапар барысында AP26198207 жобасының негізгі тұжырымдамасы мен ғылыми-техникалық шешімдері таныстырылып, одан әрі пәнаралық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалды. Бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми жарияланымдар дайындау, консультациялар өткізу және жоба нәтижелерін апробациялау мүмкіндіктері қарастырылды.
Іссапар қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің мамандары арасында одан әрі ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
Ғылыми іссапар AP26198207 жобасын одан әрі іске асыруға, сондай-ақ құрылыс, жасанды интеллект, компьютерлік көру және қауіпсіздіктің цифрлық технологиялары салаларындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге маңызды үлес қосты.
