
Әскери-патриоттық ерлік сабағы

29 сәуірде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының кураторлық топтарында (В031-2121-23-02 және В031-2120-23-02) «Әскери-патриоттық ерлік сабағы» тақырыбында тәрбиелік сағат өткізілді. Іс-шараны т.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Нурмухамбетова Б.Т. ұйымдастырып, білім алушыларда патриотизм сезімін, азаматтық жауапкершілікті және әскери борышқа құрметті қалыптастыруға бағыттады.
Университетте әскери кафедра жұмыс істейді, онда даярлықтан ұлдармен қатар қыздар да өте алады, бұл білім алушылардың әскери-патриоттық тәрбие жүйесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Кездесу барысында Отанға қызмет ету мен ерлік үлгілері қарастырылып, әскери ар-намыс, борыш және ұлттық құндылықтар мәселелері талқыланды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Мұндай іс-шаралар жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге және азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.
