
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сәулет-құрылыс факультетінің Сәулет кафедрасында «Сәулеттік формалардың кеңістіктік-конструктивтік моделдеуі» пәні аясында 4-курс студенттері арасында өткен конкурстық іс-шара
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
27.04.2026 102

2026 жылғы 24 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сәулет-құрылыс факультетінің Сәулет кафедрасында «Сәулеттік формалардың кеңістіктік-конструктивтік моделдеуі» пәні аясында 4-курс студенттері арасында конкурстық іс-шара өтті.
Конкурс барысында АРХ-49 және АРХ-41 топ студенттері командалық форматта конструкциялық макеттер дайындап, өз жобаларын презентация және бейнеролик арқылы қорғады. Қатысушылар кеңістіктік-композициялық шешімдер, заманауи конструкциялық тәсілдер мен шығармашылық идеяларын ұсынды.
Іс-шара студенттердің кәсіби және тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталып, қатысушылардың шығармашылық белсенділігі мен сәулеттік ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
